Өз-өзімнен кеше қатты кейідім,
Тіршіліктер күйретті.
Мені сонда сіздегі бар мейірім,
Еркелеуге үйретті.
Сәуір 2025
Уақыт тоқтап қалғандай. Әйгерім Тұрлықожа
Уақыт тоқтап қалғандай,
Дала тыныш.
Мүлгіп кеткен сияқты төңірегім.
Тырп етпейді тіршілік, жаратылыс,
Ал, мен түнде сүретін Өмір едім...
Сүрінсем де, құламадым
Оңашада қыстығып жылағаным,
Көз жасымды еріксіз бұлағаным.
Маңдайыма жазылған жазу сол деп,
Мойынсұнып тағдырға шыдағаным.
Туған жерім берген нәр
Туған жерім - Күреңбел - құт мекенім,
Алтынемел бауырыңда мекендедім.
Таза ауа, мөлдір су, майда желім
Жетер ме екен алыстан менің демім.
Түнім тыныш болса…
Қанша түндер ұрлады ұйқымды шын,
Түнім тыныш болса екен ұйқы құрсын.
Тығылады жүрегім алқымыма,
Айтатындай бүлкілдеп бір сырды тың.
Мен қазақтың қызымын
Аппақ әлем ақ нұрдан жаратылған,
Әлімсақтан әдемі салатын ән.
Аппақ мамық бүркеніп ұшқан құстың,
Ақ сезімдер себелер қанатынан.
Күле қарап, сен тағы шаттанар ең!
Аппақ әлем ақ нұрдан жаратылған,
Әлімсақтан әдемі салатын ән.
Аппақ мамық бүркеніп ұшқан құстың,
Ақ сезімдер себелер қанатынан.
Ол да іздеп жүргендей…
Өмір-жазың, болса дағы күз мейлі,
Санамалап мініңді ол тізбейді.
Білгің келсе мына әлемнен қыз жаны ,
Бір- ақ жанның махаббатын іздейді.
Кішкене
Бір мәрте құлақ сал сөзіме,
Сүрт мына жанарды жас тамған.
Ең ұзақ сапардың өзі де,
Кішкене қадамнан басталған.
Қызыл нұрға боялған шақта алап
Қызыл нұрға боялған шақта алап,
Көп ойланам құбыла жаққа қарап.
Салқар тағдыр шіркін-ай тұлпар жырдың,
Тұяғына қойса ғой бақ тағалап.
Қобыз жылаған түн
Демалыс күндері құлқын сəріден тыпыршып тұрып алатын мен көрші атайдың Ақбақай атының артына мінгесіп өріске бірге аттанатын едім. Терезеден аңдып отырамын да «Ата, мен де!» деймін далаға жүгіріп шығып, анадайдан айқайлап – Ал, қарасирақ, мінгес! – дейтін атам мейірбан жүз,…
Домбыра – ғұмыр (эссе). Гүлзейнеп Сәдірқызы
Алғашқы күй тартылып біткенше Жамбыл сыр мінез, салқын отырды. Өн бойына біткен қорғасындай сабырлылығына маңғаздығы жарасып, қариягершілік бағасына сай сөз саптауы кімді болса да мойындатқандай. Әншейінде адамға көзін тіктеп қадайтын Жәкең күй күмбірлеп орындалып жатқанда қалың ойға шомған жанарын көлегейлеп…