Гүлжан Амангелдіқызы

1976 жылы 22 маусымда Абай облысы, Үржар ауданы Бірінші май ауылында туған. ҚазҰУ –дың журналистика факультетін бітірген.
Әңгімелері студенттік жылдардан бастап республикалық баспасөзде және ұжымдық жинақтарға кірген. «Қазақ әдебиеті», «Дала мен Қала», «Кентавр», «Ұлан» газеттері мен «Қазақстан әйелдері», «Ақ желкен», «Тұмар» журналдарында жарияланып келеді және Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Жетісуға қосылған жылғалар» ұжымдық жинағы, Қазақ ПЕН-клубы шығарған «Нақты қадам» әңгімелер жинағына енген.
«Үштаған» атты әңгімелер шоғыры дәстүрлі «Дарабоз» бәйгесінің ынталандыру сыйлығын еншілеген. Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» әдеби бәйгесінің 2-орын иегері. ҚР Мәдениет министрлігінің «Балаларға арналған үздік шығарма-2020» байқауының 2-орын жүлдегері.Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына орай өткен республикалық «Жусан иісі» шығрамашылық байқауының арнайы жүлдесін алған.
«Раушангүл» проза кітабы жарық көрген.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

5 / 5. Дауыс саны: 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған