Доп ойнаған тоза ма?
Білім қуған оза ма?
Дос іздеймін ең жақсы
Кітап қолын соза ма?
Балалар әдебиеті
ЖАҢА ЖЫЛ КЕЛДІ. Гүлбақыт Қасен
— Жаңа жыл келді!
— Қоян ба?
— Жатырсың неге оянбай?
Тұра ғой қәне, ерінбе,
Далаға шықшы ойланбай.
СЫЙЛЫҚ. Гүлбақыт Қасен
Атам маған сыйлыққа,
Қамшы берді бес өрім,
Тұлпар мініп күні ертең,
Батыр болып өсемін.
КӨБЕЛЕК. Гүлбақыт Қасен
Ақ гүлдерге ақ көбелек,
Көк гүлдерге көк көбелек,
Ұқсайды ғой бақшадағы,
Ұшып жүрген көп көбелек.
МЕНІҢ САРЫ БАЛАПАНЫМ. Гүлбақыт Қасен
Тек ойынға қызығады,
Ерке, тентек, бұзық әрі,
Менің сары балапаным.
КІТАП ӘЛЕМІ. Гүлбақыт Қасен
Барлық әріп тізіліп,
Жақсы сөзді құрайды.
Зер саламын қызығып,
Маған кітап ұнайды.