Бір мәрте құлақ сал сөзіме,
Сүрт мына жанарды жас тамған.
Ең ұзақ сапардың өзі де,
Кішкене қадамнан басталған.
Кішкене ойлардан,істерден,
Бар ұлы дүние істелген.
Сенің де қолыңнан келеді ,
Сол үшін Жаратқан күш берген.
Кішкене ұмтылыс керегі,
Сонда шын бақытың келеді.
Қалай да, қашан да, әркезде,
Әрекет нәтиже береді.
Болса да, арман мен асқақ ар,
Талайы төзімнен жасқанар.
Аз аздан үздіксіз таматын,
Білгейсің тамшы да тас жарар.
Бәрі де жолында ұлы арман…
Өмір бұл әрбірі сыналған.
Түсінші, сен күткен бақыт та,
Кішкене сәттерден құралған.
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
0 / 5. Дауыс саны: 0