Көз алдымда көлбеңдейді бір елес,
Бір-бірімен қасарысқан кіл егес.
Түнім – тұман, күнім – бұлтты жабырқау,
«Гүл» деп жүрген «Гүлім» менің гүл емес,
«Күн» деп жүрген «Күнім» менің күн емес.

Көз алдымда көлбеңдейді бір елес,
Бір-бірімен қасарысқан кіл егес.
Түнім – тұман, күнім – бұлтты жабырқау,
«Гүл» деп жүрген «Гүлім» менің гүл емес,
«Күн» деп жүрген «Күнім» менің күн емес.
Мен – көкжалмын көкке қарап ұлыйтын,
Ит өмірде «қаншықтарға» қиын тым.
Қарсы тұрып, кайсарлықпен қасқайып,
Тайсалмай-ақ тығырықта торитын.
– Жүрек – құлып, ашыңдар, кілті кімде?
– Сан жұлдыздар қаптаған айлы Түнде.
– Жылап жатыр, сұмдық-ай, тездетіңдер,
– Таң боп қалды, табыңдар, шығар Күнде!
Кеудеме бір керемет күй құлады,
Сезімді сипап өтіп ұйқыдағы...
Жанымның жазиралы жайлауында
Ақ орда алты қанат үй тұрады.
Бекер-ді
Түнектен түскен жарық ем,
Жырыма қосқан шекерді
Шашудан теріп алып ем.
Әр кеудеде айтпаған ән бар ұлы
Естелік бар дәмі бал, арда мұңы
Еркелік бар жүргізген ханға әмірін
Кеудесінде білтелі шам жарығы!
Жасыл түнде жаураған
Бұлттар білер сырымды.
Шуақ таңда қаулаған
Шықтар білер сырымды.
Мұнартқан мұңдарыма мәңгі медет —
Сағыныш!.. — билеп алса жанды кенет,
Ақшамда ақтарылып айтатұғын,
Ақтөбе екеумізде әңгіме көп.
Дәурен Тілеухан – 2000 жылдың 28 қазанында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Еңбекту ауылында дүниеге келді.2007 жылдың қыркүйегінде Еңбекту орта мектебінің 1-класына қабылданды. Дәуреннің балауса жырлары «Жас өркен», «Жауқазын» жинақтарында, сондай-ақ, баспасөз беттері мен түрлі сайттарда жарық көрді.Дәурен республикалық деңгейдегі…
Сезімді қайтем сергелдең күйге түсірген,
Өзіңді қайтем шықпайтын түндер түсімнен,
Кездерді қайтем сырымды жұрттан жасырған,
Өзімді қайтем тынатын дәйім ішімнен.
Түннің қай уақыты болғаны белгісіз. Қандайда бір қатты шыққан дауыстан оянып кеттім. Не болып, қайда жатқанымды түсіну үшін екі – үш минут өткен болар. Тағы да айтты. «Жо – жоқ! Тоқта!..», – деп көрші төсектегі қыз айғайлады. Әншейінде орнымнан көтерілуім…
Студенттік шақтың әр күні – тәтті, әр сәті – қызық. Кей кездері оқытушының жоқтығына байланысты, болмаса лекция мен практиканың арасындағы ұзақ үзілістер болғанда бәріміз жиналып, әр нәрсені айтып, барлық тақырыпты қамтып шығуға тырысамыз. Бірде сондай үзілісте топтасымыз Айбек қолына ұстап…