Бұл бекетке пойыз небәрі бес минут аялдайды. Бес минутта түсетіндер түсіп, мінетіндер мініп үлгеру керек. Сондықтан отарба солығын баспастан жележортып кеткенше кіреберіс есікте кептеліс болады. Түсетін оншақты адам мен мінетін оншақты адам қуықтай дәлізде төс қағыстырып, бөксе соғыстырып қалатыны бар.…
