Аппақ әлем ақ нұрдан жаратылған,
Әлімсақтан әдемі салатын ән.
Аппақ мамық бүркеніп ұшқан құстың,
Ақ сезімдер себелер қанатынан.

Аппақ әлем ақ нұрдан жаратылған,
Әлімсақтан әдемі салатын ән.
Аппақ мамық бүркеніп ұшқан құстың,
Ақ сезімдер себелер қанатынан.
Өмір-жазың, болса дағы күз мейлі,
Санамалап мініңді ол тізбейді.
Білгің келсе мына әлемнен қыз жаны ,
Бір- ақ жанның махаббатын іздейді.
Бір мәрте құлақ сал сөзіме,
Сүрт мына жанарды жас тамған.
Ең ұзақ сапардың өзі де,
Кішкене қадамнан басталған.
Қызыл нұрға боялған шақта алап,
Көп ойланам құбыла жаққа қарап.
Салқар тағдыр шіркін-ай тұлпар жырдың,
Тұяғына қойса ғой бақ тағалап.