Ол да іздеп жүргендей…

Өмір-жазың, болса дағы күз мейлі,
Санамалап мініңді ол тізбейді.
Білгің келсе мына әлемнен қыз жаны ,
Бір- ақ жанның махаббатын іздейді.

Сол жанды ұқ, өз- өзіңді менсінбе,
Сезім сыры сенім деген сертіңде.
Құс қанаттай аспан сілкіп түсірген
Саған бақыт өздігінен келсін бе?

Көз тұндырып, жан еріткен жамалы,
Көктем күннің есіп өткен самалы.
Адамдыққа адал жүрек болғанда ,
Махаббаттың бәлки берік қамалы.

Асылыққа салып жанды бүлдірмей,
Сезім – сұлу ғашық болсаң білдірмей.
Сол бір мөлдір махабатты әлемнен
Сен іздейсің…
Ол да іздеп жүргендей…

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған