Оңашада қыстығып жылағаным,
Көз жасымды еріксіз бұлағаным.
Маңдайыма жазылған жазу сол деп,
Мойынсұнып тағдырға шыдағаным.

Оңашада қыстығып жылағаным,
Көз жасымды еріксіз бұлағаным.
Маңдайыма жазылған жазу сол деп,
Мойынсұнып тағдырға шыдағаным.
Туған жерім - Күреңбел - құт мекенім,
Алтынемел бауырыңда мекендедім.
Таза ауа, мөлдір су, майда желім
Жетер ме екен алыстан менің демім.
Қанша түндер ұрлады ұйқымды шын,
Түнім тыныш болса екен ұйқы құрсын.
Тығылады жүрегім алқымыма,
Айтатындай бүлкілдеп бір сырды тың.
Аппақ әлем ақ нұрдан жаратылған,
Әлімсақтан әдемі салатын ән.
Аппақ мамық бүркеніп ұшқан құстың,
Ақ сезімдер себелер қанатынан.