Қазақтың көрнекті сыншы-жазушысы Асқар Сүлейменов бір күні «Зерде» журналының бас редакторы, белгілі ақын Есенғали Раушановқа телефон соғады. Тұтқаны бас редактордың орынбасары Әшірбек Амангелдиев көтереді. – Алло, – дейді ар жақтағы дауыс. – Әу, – дейді Әшекең. – Есенғали бар ма?…
Деген екен
Жерге қаратқан ұрпақ. Ермахан Шайхыұлы
Өткен ғасырдың 90-жылдарының басы болса керек. Нарықтың шөміштен қысып тұрған кезі. Халықтың әл-ауқаты төмен. Зауыт-фабрикалардың бәрі жекешеленіп, жұрттың бәрі базар жағалап кеткен. Бір күні «Зерде» журналының бас редакторы Әшірбек Амангелдиев ойға шомып, төмен қарап, Жібек жолы көшесінің бойымен келе жатады.…
Дипломды жазған кім? Ермахан Шайхыұлы
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басы болса керек. Ол кезде жоғары оқу орындарында Коммунистік партияның көсемдері Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Владимир Ильич Лениннен сілтеме жасалмай, бірде-бір диплом қорғалмайтын. Бұл – Леонид Ильич Брежневтің бүкіл мемлекет басшыларын қапсыра құшақтап, қос бетінен шөпілдетіп…
Екі әйелге орынбасар боласың! Ақселеу Сейдімбек
Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы қызметін атқарып жүрген кезінде Қалтайды Республиканың бірінші басшысы Дінмұхаммед Қонаев қабылдауына шақырыпты. – Қалтай, осы Олжас екеуіңнің басың бір қазанға сыймай жүрген сияқты, саған басқа бір қызмет тапсырайын. Анау кинокомитетінің бастығы Ләйла Ғалымжанқызына орынбасар болып…
Қуып тастағансыңдар! Ақселеу Сейдімбек
Алматыда якут-саха әдебиетінің күндері өтіп, Қазақстан Жазушылар одағының «Қаламгер» кафесінде дастархан жайылады. Әріптестер бір-бірімен әзілдерін жарастырып арқа-жарқа болып отырғанда, саха меймандардың бірі сөз алып: – Біз ежелден қанымыз да бір, шыққан тегіміз де бір туысқан халықпыз. Мына ұлан-ғайыр далаларыңызда ұжымымыз…
Мергендікті тексеру. Кәукен Кенжетаев
Бірде Жүсіпбек Елебеков Елағаңа (Елубай Өмірзақовқа): – Сен аңға шыққанда мен де бірге барайыншы, – депті. – Жарайды. Тек сен мылтықты қалай ұстауын білесің бе өзі? – Е, немене, сенен басқа кісі аңға шығып көрмеді ғой дейсің бе! – деп…
Мен боксер болғанда. Кәукен Кенжетаев
Әнуарбек Үмбетбаев – орта бойлы, кең иықты, батырға біткен пішіні бар адам. Сол қасиетін жақсы білген Әнекең қалайда кеуделірек болатын. Бұрынғының батырлары аңызындай өзі туралы өтірік-шыны аралас әңгімелерді көп айтушы еді.Үмбетбаевтың оң қолының білегінде қу бас пен екі жілік айқастыра…
Қиын кемпір. Кәукен Кенжетаев
Ел аралап, концерт беріп жүргенде талай қызық оқиғаларға душар боласың. Ерте кезде колхоздан колхозға қатынасатын көлігіміз – өгіз арба, түйе, ал ат арба берген күні қазіргі «Волгаға» мінгендей болатынбыз. Колхоздардың көбінде клуб жоқ, концертті далаға қоямыз. Жайлауда отырған елге барып,…
Преферанс
Мұзафар Әлімбаев бірде Алматы облысының бір ауданына қонаққа барады. Тамақ ішіліп, дастархан жиналған соң, жігіттер ақынның көңілін ауламақ болып, «преферансқа» кіріседі ғой. Іштерінде Шымберген деген мектеп директоры бар екен, сол кісінің қалтасында ақшасы болмай, ұтылып қалған соң, Мұзағаңның ұтысын жарым-жартылай…
Үйдегі боран… Айдын Кәлімхан
Тілеухан Затыбаев деген бір ақын ауылдасымыз болды. Ара-тұра ұйтқыған желдей араққа беріліп кететін. Қыстың қар борап тұрған бір күні көршісі аулаға кірсе Тілеухан жұқа киіммен екі қолымен құлағын басып ықтап тұрыпты. Таңырқаған көршісі: – Ой, Тілеухан мына қатты боранда не…
Болады ғой жусаң да… Айдын Кәлімхан
Бірде Аякөз өңірінде тұратын бір жігіттің әкесі тоқсанға қараған жасында өмірден өтіпті. Қаралы шаңырақтағыларға алыс-жақынан ағайын – туыстары мен дос – жарандары ағылып келіп, көңіл айтып қайтып жатады. Сонда, елдің соңына ала келген сол жердің танымал адамдарының бірі Азанғали Тұраров…
Үйге қырық қадам қалғанда… Айдын Кәлімхан
Дос-жарандарымен бір басқосудан арақ-шарапқа сылқия тойып қайтқан Серік деген ауылдасым жол-жөнекей тағы бір танысына жолыға қалыпты. Екеуі үйлеріне таяу маңдағы бір дәмханаға бұрылып, ішімдікті қайта жалғастырыпты. Әдетте ешкімнің қолын қайтармастан іше беретін Секең, бұл жолы өзін ұстап тартыншақтай беріпті. Таңырқай…