Аппақ әлем ақ нұрдан жаратылған,
Әлімсақтан әдемі салатын ән.
Аппақ мамық бүркеніп ұшқан құстың,
Ақ сезімдер себелер қанатынан.
Ақ көбік боп толқынды толқын ұрып,
Жатқаны әсем өткізіп жалқы ғұрып.
Сұлулықты сақтадым жанарыма,
Жоғалмас ол ,болса да бұл күн ұмыт.
Туу алыстан ақ жаулық асқар көрдім,
Жандандырған арасынан аспан жердің.
Мейірлене қарадым,жаным елтіп,
Жамалына гүл десте таққан белдің.
Әр сәт сенде әдемі әппақ әлем,
Мұңынан да мен сенің бақ табар ем.
Бауырыңда бұлқынған бөбегіңе
Күле қарап, сен тағы шаттанар ең!
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
0 / 5. Дауыс саны: 0