Блок

  Оралу (драма) 0 (0)

                                                  Оқиға Алматыда өтеді. Кейіпкерлер: Күлән Әже. Тоқтар – Баласы. Сарқыт – Келіні. Әкімбек – Сарқыттың інісі. Әлихан – Немересі. Жәудір – Көмекші қыз Қонақбай – Асыранды бала. Тимур – Жәудірдің жігіті. Тағы басқалар.                                                          1 көрініс         Жалдамалы пәтер.…

Аршын Нұрбақыт 0 (0)

Аршын Нұрбақыт – 1988 жылы дүниеге келген. 2007-2011 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясын кинодраматургия мамандығы бойынша Дулат Исабековтың шеберханасынан білім алған. 2010 жылы Оңтүстік қазақстанда өткен республикалық жас қаламгерлер форумында бас жүлдені жеңіп алып, мемелекеттк тапсырыспен «Айқасқа» атты жыр…

Жақсы адам болғым келеді (Әңгіме) 0 (0)

Аядай ғана ауылға жаңа отбасы көшіп келді. Бұл керемет жаңалық еді. Әсіресе, балалар қатты қуанды. Жазда жаңадан салынған әсем үйлердің бірінен бес жасар бала шықты. Кемел көшеде асыр салып ойнап жүрген балаларға қызықты. Шарбақтың арасынан қарап тұрған. Бір кезде балалардың…

КІТАП ПЕН КОМПЬЮТЕР 0 (0)

Саян сырттан кірген атасына мойын бұрды. Атасы қолтығына кітап қыстырып алыпты.Дүкеннен тәтті әкеп берер деп ойлап еді, түк жоқ. – Ата, – деді сосын наразы үнмен. – Кітаптарды қайдан алдыңыз? – Қайдан алушы едім… кітапханадан алдым. Саған да, өзіме де…

Тәтті алма (әңгіме) 0 (0)

Асыл бүгін ерте оянды. Әдетте жексенбі күні жылы көрпенің астында ұйықтап жатқанды ұнататын. Төсегінен тұрып, киініп, терезеге қарады. Ауыл таңы бозарып атып келеді екен.  Сырттан әтештің әні естіледі. Ас үйге келгенде әжесінің жүн түтіп отырғанын көрді. – Әже, атам келген…

    Кутуз (эссе) 0 (0)

Бұл бекетке пойыз небәрі бес минут аялдайды. Бес минутта түсетіндер түсіп, мінетіндер мініп үлгеру керек. Сондықтан отарба солығын баспастан жележортып кеткенше кіреберіс есікте кептеліс болады. Түсетін оншақты адам мен мінетін оншақты адам қуықтай дәлізде төс қағыстырып, бөксе соғыстырып қалатыны бар.…

Тұлпар серті (хикаят) 0 (0)

«Ұрлық түбі – қорлық» (Халық даналығы) 1. Сөз басы Қозыбасының көк желкесінен шығып, өз сүрлеуімен өрлеген көктемнің күні Қоңыртөбе тауына жеткенде мезгілсіз жортқан қарақшы бұлттардың қоршауына түсіп, малтығып қалды. Тоң қатқан даланың маңдайы жіпсіп, бусана бастаған еді. Мезетте суық шалып,…

Аманат (әңгіме) 5 (2)

         Бұл шығарма қазақтың қайраткер ұлы Болатхан Тайжанның рухына арналады! Құланиектеніп таң атқаннан бесінге дейін құлқынның қамымен көкті кезетін кәрі құзғынның денесі бүгін дел-сал. Шау тартқанның белгісі болар, тәбеті қайта бастапты. Бұрындары тоқты-торымның өлексесін қылғытқанда өзгелерге дес бермейтін өңеші…

Қара қарға (әңгіме) 4 (5)

Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлер өмірде болған. Шынар апа қайтыс болды. Тұп тура 99 жыл, 9 ай өмір сүріпті. Күллі ауыл күңіренді. Бірақ ешкім «жүзге келді-ау жарықтық, арты той ғой»- демеді. *** Қаралы хабар ауылға қою қараңғылықпен қолтықтаса кірген. Көшенің сыртынан…

Күй ұран (бір күйдің тарихы) 0 (0)

Бұл шығарма қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналады.   Түн түңлігі түрілді. Ұлы дала ұй­қы­дан оянды.Таң намазын оқи сала, атқа қонған Байсерке Қордайдан асып түскенде  Қопа мен Қозыбасының аралығынан күн сығалады. Шапа­ғына  ат кекілін аймалатып қарсы жүрді.  Жолай отырған…

Менің атам (эссе) 0 (0)

Қазақ пен қырғыз тең жайлаған Алатауды бөктерлеп, батқан күнді қуалай жүрсеңіз көрген де боларсыз, Алматыдан 60-70 шақырым ұзаған соң cол қапталдан созылып бір тау шығады. Оқырадан қашып, отар қойдың ішіне кіріп кеткен өгіздей болып тапал таулардың арасында өзгеше көрінеді өзі.…

Қызыл сақа (қаз-қалпында) 0 (0)

«Көксерек» фильмі… Ауыл қараборбайларының асық ойнайтын эпизоды… Құйта­қандай Құрмаштан ұтылып қалған Ұзынтұра «қараулық жасадың»,– деп бөлтірікті тартып алды. Ойын соңы жанжалға ұлас­ты… – «Ашық»,  «ашық» деп тілі жаңадан шығып келе жатқан ұлым асау тайдай тулап кетті. Атамнан қалған аткөрпенің (атаңның…