Көз алдымда көлбеңдейді бір елес,
Бір-бірімен қасарысқан кіл егес.
Түнім – тұман, күнім – бұлтты жабырқау,
«Гүл» деп жүрген «Гүлім» менің гүл емес,
«Күн» деп жүрген «Күнім» менің күн емес.
Бибарыс-Сұлтан Өмірбай
Мен – көкжалмын
Мен – көкжалмын көкке қарап ұлыйтын,
Ит өмірде «қаншықтарға» қиын тым.
Қарсы тұрып, кайсарлықпен қасқайып,
Тайсалмай-ақ тығырықта торитын.
Жүрек – құлып
– Жүрек – құлып, ашыңдар, кілті кімде?
– Сан жұлдыздар қаптаған айлы Түнде.
– Жылап жатыр, сұмдық-ай, тездетіңдер,
– Таң боп қалды, табыңдар, шығар Күнде!