Дөңбекшітті мені ойлар,
Дөңгелеп кетейін бе?
Дәтім жетіп алдыңнан,
Тоқтамай өтейін бе?

Дөңбекшітті мені ойлар,
Дөңгелеп кетейін бе?
Дәтім жетіп алдыңнан,
Тоқтамай өтейін бе?
Нұрбек Нұржанның «Нүкебайдың жұмбақ кітабы» фентези жанрында жазылған тамаша туындысын оқыдым. Қазақ әдебиетінің байырғы прозасына қарағанда, қазіргі заманғы түр мен мазмұн, көркемдігі жағынан жаңаша өсіп өркендегенін байқауға болады. Жазушы тіліміздің бай мұрасын бойына еркін сіңіре, бұрынғы бар түрлі қолдана отырып,…
Әр адам өз маңдайына жазылған тағдыр-талайымен ғұмыр кешсе керек. Кейде сол тағдыр-талайлы өміріңе үлкен өзгеріс әкеліп, қамқорлық көрсететін жандардың кездесуі – Алла Тағаланың сыйы ма дерсің. Менің тағдырымда сондай өзгеріс, бетбұрыс жасап, өмірімде ойып алатын орны бар ғазиз жан –…
Көз алдымда көлбеңдейді бір елес,
Бір-бірімен қасарысқан кіл егес.
Түнім – тұман, күнім – бұлтты жабырқау,
«Гүл» деп жүрген «Гүлім» менің гүл емес,
«Күн» деп жүрген «Күнім» менің күн емес.
Мен – көкжалмын көкке қарап ұлыйтын,
Ит өмірде «қаншықтарға» қиын тым.
Қарсы тұрып, кайсарлықпен қасқайып,
Тайсалмай-ақ тығырықта торитын.
– Жүрек – құлып, ашыңдар, кілті кімде?
– Сан жұлдыздар қаптаған айлы Түнде.
– Жылап жатыр, сұмдық-ай, тездетіңдер,
– Таң боп қалды, табыңдар, шығар Күнде!
Кеудеме бір керемет күй құлады,
Сезімді сипап өтіп ұйқыдағы...
Жанымның жазиралы жайлауында
Ақ орда алты қанат үй тұрады.
Бекер-ді
Түнектен түскен жарық ем,
Жырыма қосқан шекерді
Шашудан теріп алып ем.
Әр кеудеде айтпаған ән бар ұлы
Естелік бар дәмі бал, арда мұңы
Еркелік бар жүргізген ханға әмірін
Кеудесінде білтелі шам жарығы!
Жасыл түнде жаураған
Бұлттар білер сырымды.
Шуақ таңда қаулаған
Шықтар білер сырымды.
Мұнартқан мұңдарыма мәңгі медет —
Сағыныш!.. — билеп алса жанды кенет,
Ақшамда ақтарылып айтатұғын,
Ақтөбе екеумізде әңгіме көп.
Сезімді қайтем сергелдең күйге түсірген,
Өзіңді қайтем шықпайтын түндер түсімнен,
Кездерді қайтем сырымды жұрттан жасырған,
Өзімді қайтем тынатын дәйім ішімнен.