Жиенқұлова Ақбөпе Қадырбайқызы

Ақбөпе Қадырбайқызы Жиенқұлова «Алатау» қоғамдық-саяси газетінде журналистік  жолын бастап, Көксу аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде 6 жыл Директор-Бас редактор болып қызмет етті. Одан «Жетісу» телеарнасына ауысып,  5 жыл қызмет етіп, Серік Әбікенұлының жобасы: «Ұлт пен рух», «Мейірім», «Монолог» бағдарламаларында  редакторлық қызмет атқарды. «Бай-қуатты болайық!» жобасының авторы Нұртілеу Иманғалиұлымен бірлесіп қызмет етті. «Жетісу зертханасы» бағдарламасын жүргізді. Мұғалімбай Жылқайдаров атындағы сыйлықтың иегері. «Жетісу жырлайды» атты жетісулық ақындардың жинақ кітабына және  «Тау мен өзен» жетісулық ақындардың антологиясына өлеңдері енген. Қазір Көксу ауданы, Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.  «Janr» әдеби клубының мүшесі.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған