Шашылып жатса дағы

Шашылып жатса дағы
жан шапағы,
Жүрегім әлденені
аңсатады…

Ешқашан айтылмайтын
жаңалық бар,
Жүйкеңді сол «жаңалық»
шаршатады.
Болғанда сенім – селкеу,
ойың – жалған,
Арман да сұйылады
қоюланған.
Адамның жауыздығы
еске түссе,
Күлкің де қашады екен
уайымдаудан.
Кей кезде түлкіге де
сене кеткен,
Кей кезде қауіптенген
көбелектен.
Бұл шақта ақын болған
күні құрсын,
Қиял мен аңғалдығын
өлең еткен.


Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған