Серік Әбікенұлы

Журналист Серік Әбікенұлы Алматы облыстық “Жетісу” телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында жариялады.

“Ал, міне жақсы жаңалығым!

Серік Әбікенұлы Сарыбай “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Бейсекеңмен бірге бастаған істі жалғастырып, арнаның даму жолы Секеңнің басшылығымен жалғаспақ” делінген Ғалымұрат Жүкелдің жазбасында.

Серік Әбікенұлы бұған дейін “Жетісу” телеарнасының бас директоры қызметін атқарып, жуырда өмірден озған белгілі журналист Бейсен Құранбектің бірінші орынбасары болған.

Сондай-ақ ол «Парасат» журналының бас редакторы, «Алматы» телеарнасы директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған