Сауалдар

Сезгем…
сүрінсем
сиқым кетерін,
қызмет қылмасын итім де тегін.
Торығып қалдым…
Неге ұмытқанмын
«күлшелі бала – сүйкімді» екенін (?!)…

Білгем…
бос күлкі,
ұйқым бекерін,
бейнет жетерін, күй түрлі өтерін.
Көп үміт бар-ды…
Неге ұмытқанмын
«сәттік сәуленің» сиқырлы екенін (?!)…

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған