Баршаға арман бас тартып қанша амалдан,
қанатын да қаға алмай… шаршағаннан
құлайды екен Періште, жылайды екен…
Адамдық аңсағаннан!

Баршаға арман бас тартып қанша амалдан,
қанатын да қаға алмай… шаршағаннан
құлайды екен Періште, жылайды екен…
Адамдық аңсағаннан!
Сезгем...
сүрінсем
сиқым кетерін,
қызмет қылмасын итім де тегін.
Торығып қалдым...
Неге ұмытқанмын
«күлшелі бала – сүйкімді» екенін (?!)...
Пенделерміз... Бұл дүниенің қонағы,
кешір түгел! Қыс, көктем, жаз, күзді өткіз.
Кейін, күнім, бәрі жақсы болады...
Бірақ кейін... Біз – жоқпыз!