Ең алғаш ынтызары ауған жандай,
Ең алғаш сұлулыққа арбалғандай.
Отырмын қара түнде арлы ойменен,
Түсі аппақ қарашада жауған қардай
Түсі аппақ ең алғашқы жауған қардай,
(Құшақтап , келбетіңе таң қалғандай)
Отырмын қарашада – оңашада,
Қызарып, әлде неден арланғандай.
Түсіме күз айлары жиі кірген –
Ақ бұлттар – ақ жібектей иірілген.
Мен жүрмін сол бұлттарға балап сені,
Сен жүрсің аласармай биігіңнен.
Жырымның оқыған сәт ең жаңасын,
Көңілдің сейілтесің шер-наласын.
Қисапсыз мазаңды алған жан емес ем,
Рұқсатсыз түске енетін сен ғанасың.
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
0 / 5. Дауыс саны: 0