Тілеухан Затыбаев деген бір ақын ауылдасымыз болды. Ара-тұра ұйтқыған желдей араққа беріліп кететін. Қыстың қар борап тұрған бір күні көршісі аулаға кірсе Тілеухан жұқа киіммен екі қолымен құлағын басып ықтап тұрыпты. Таңырқаған көршісі:
– Ой, Тілеухан мына қатты боранда не істеп тұрсың кірсеңші үйіңе,– депті.
Сонда Тілеухан: – Үйдегі боран сырттан да қатты болып тұр ғой, – деген екен.