Ең алғаш ынтызары ауған жандай,
Ең алғаш сұлулыққа арбалғандай.
Отырмын қара түнде арлы ойменен,
Түсі аппақ қарашада жауған қардай

Ең алғаш ынтызары ауған жандай,
Ең алғаш сұлулыққа арбалғандай.
Отырмын қара түнде арлы ойменен,
Түсі аппақ қарашада жауған қардай
Жангелді Немеребай – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, әрі Жетісу облыстық филиалының төрағасы. «Қар гүлдері», «Ай туған сәт», «Арман аялдамасы» жыр жинақтары жарық көрген. Алматы, Талдықорған, Үшарал қалаларында жыр кештері өткен. Республикалық мүшәйралардың жеңімпазы. ҚР «Мәдениет саласының үздігі». Шығармалары
Шашылып жатса дағы
жан шапағы,
Жүрегім әлденені
аңсатады...
Өткен жылғы сағатымды,
Тақпаймын да, теңшемеймін.
Тауысқан соң тағатымды,
Уақытты енді өлшемеймін.
Шыңымен ешкім таласа алмайтын,
Арман бар екен аласармайтын.
Жылу бар екен гүлді аша алмайтын,
Сұлу бар екен сырласа алмайтын.
Құлазыған бақтардан гүл тергізген,
Ең жылауық əуенге күлкі енгізген.
Ең қараңғы түндерде жолықтырған,
«Альциона» есімді үркер қызбен.
Бұл көңіл – найзағайдай жарқылдауық,
Бұл көңіл – кетпейтұғын əркімге ауып.
Жалт қарап жасын қыздың жанарына,
Жан - жүрек өртке айналып барады да.
Автобуспен келе жатып ой толғап,
Терең шомып кеткен екем ішінде.
«Арман бар ма?» - Деді шопыр айқайлап,
«Бар» дедім де жалғыз тұрдым түсуге.
Бір тамшы барады әйнектен тайғанап,
Тайғанақ тірлікті аймалап.
Әйнекке тамады тағы да бір қонақ,
Бір қонақ барады сырғанап!
Аспандағы ауылдың қызы,
Күліп жүргейсің жердің бетінде!
Жердің бетіне келдің бе түнде?
Пенденің киіп терісін.
Есболат Айдабосын 1981 жылы 20 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданында, Ақтерек ауылында туған. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қытай Мұнай Газ Университетінде білім алған. «Шаhар» ТРК, «НТК» телеарнасы, Қазақстан ұлттық телеарнасы, «Жетісу» телеарнасында жұмыс істеді. Қазір «Жетісу» радиосының жетекшісі. Қазақстан Жазушылар…
Айнұр Төлеу – ақын, журналист. 1986 жылы 25 қыркүйекте Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Дегерес ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты тамамдаған. 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің филология факультетін бітірді. Гуманитарлық ғылымдардың Әдебиеттану мамандығы бойынша…