Қоңыртөбенің ұшар басына шоқиып отырған күйі түнгі аспанмен тілдескендей ұзақ ұлыды. Сай-сүйекті сырқыратар дауыс сай қуалап, жартас соғып біраз жүрді де Арасанның қалың қорысына сіңіп барып дамылдады. Текшелі мен Шетендінің де жыра-жықпылы бір жаңғырып басылды. Тұяқтының жүрегін суылдатып, қанаттының…
