Алғашқы күй тартылып біткенше Жамбыл сыр мінез, салқын отырды. Өн бойына біткен қорғасындай сабырлылығына маңғаздығы жарасып, қариягершілік бағасына сай сөз саптауы кімді болса да мойындатқандай. Әншейінде адамға көзін тіктеп қадайтын Жәкең күй күмбірлеп орындалып жатқанда қалың ойға шомған жанарын көлегейлеп…
