Сезбеймін «сиқырын» ғаламның,
Тағдырым – ұшында қаламның.
Тұтқыны боп өтем Өлеңнің…
Жарымын Жыр атты қағанның.

Сезбеймін «сиқырын» ғаламның,
Тағдырым – ұшында қаламның.
Тұтқыны боп өтем Өлеңнің…
Жарымын Жыр атты қағанның.
Қиындықтар –
тиесілі еншім бе?
Айтшы, Тағдыр, жігер-күшім кемшін бе?
Жамап-жасқап білдіртпеймін жоғымды,
Сенім артам еңбек атты елшіме.
Жан ішінде жарық нұр,
Жан ішінде - рақат!
Жаннан шықса жарық нұр -
Бір апат...
Нем бар еді адам болып,
Нем бар еді ақын боп?..
Енді міне қаламда - қан,
Қамауда - жан,
Басымда - от.
Мен жаралған топырақ - Рух,
Мені туған анам - Ар,
Құлау түгіл сүрінуге,
жылауға да хақым жоқ.
Білесізбе?
Сізді ерекше ұнатам!
Сүйіп тұрсам,
енді кімге кінә артам.
Кездеспей-ақ,
қойсақ қайтер еді, деп!
Үнсіз ғана өзімді-өзім жұбатам.
Түн тағы,
Жүрегімнің үміттерін жылтады.
Қайда кеттің тағатымды тауысып?
Дегдар елдің сүңғыла сұлтаны.
Тіл қатпауға жетбей бір батылдығым,
Шар тарапты шарлаумен жатыр үнім.
Жұлдыздардан сұрадым көкте жанған,
Арман қуған түсінер ақын мұңын.
Босқа өткен күндердің өтеуі,
Қалған ғұмырдың мойнында.
Бір күнім таусылмас ертегі,
Біреу ұқсайды сайтанның ойынына.
Жұлдыздар біткен шашылып,
Құйылып көктен жақұттай.
Мойныма ай кеп асылып,
Алқа боп қонды ақықтай.
Іңкәр қып осы көктем,
Көркіне мас қылатын.
Жүректі есі кеткен,
Жүз рет соқтыратын.
Ынтызар, ғашық көңілге,
Қымыздай нәрін құйғызған.
Армысың, ару дүние,
Көгілдір түспен құйылған.
Мен тұратын жердің аты – Сағыныш,
Сен тұратын елдің аты – Махаббат.
Мені өсірген жердің аты – Мейірім,
Сені өсірген елдің аты – Шапағат.