Босқа өткен күндердің өтеуі,
Қалған ғұмырдың мойнында.
Бір күнім таусылмас ертегі,
Біреу ұқсайды сайтанның ойынына.
Пайдасыз кеңесті естігем,
Тыңдағам жоқ бірақ ешбірін,
Жиналыс залында уақыт өксіген,
Мың жылға көнеріп кеспірім.
Ішілген шараптың дәмінде,
Босаған бокалдар түбінде,
Масайған адамдай мәңгіріп,
Жын ұрған пендедей күбірлеп.
Уақыт көз жасын бұлаған,
Білдірмей сүйрелеп көріме.
Болмашы қызыққа алдаған,
Қаптаған тойлардың төрінде.
Ата-ана қасынан алыстап,
Бауырмен бауырша сөйлеспей.
Ит мініп, ирек қамшылап,
Иенде күйзелген елестей.
Көлеңкем ұзарып, көлбеңдеп,
Барандау түстерге боялған.
Аз ұйықтап, уақыт үнемдеп,
Тым ұзақ түс көріп оянам.
Жалған…
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
3 / 5. Дауыс саны: 2