Туған  жерім  берген  нәр

Туған жерім – Күреңбел – құт мекенім,
Алтынемел бауырыңда мекендедім.
Таза ауа, мөлдір су, майда желім
Жетер ме екен алыстан менің демім.

Туған жерім, топырағың берген нәрін
Тыртып тудым тамған жерге кіндік қаным.
Оң қолымда қаламым жыр жазамын,
Сол қолымда бесігім, тербейді әнім.

Сары қызың бөктерде гүл жинаған
Рухани азық берді тартып қалам.
Орда бұзар шағымда ортадамын
Пейіліңнен нәр алдым дархан далам.

Ел ішінде ерке қыз, ер боп қалам.
Қайсарлығым тағы бар бойдан табам.
Мойындаймын ана боп жүргенімді
Қызым күліп, еркелеп тұрса балам.

Туған жерім төскейіңе гүл екпедім,
Қасиетіңді, бірақ та, жүдетпедім.
Риза болып, бақ тілеп жатшы маған
Шүйке басты қызыңа артып сенім

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған