Сезім

Жұлдыздар біткен шашылып,
Құйылып көктен жақұттай.
Мойныма ай кеп асылып,
Алқа боп қонды ақықтай.

Жарық күн шашақ талшығы,
Кірпігіме кеп байланып.
Сезімнің кештім қалшылын,
Өзім бір күнге айналып.
Гүл біткен жұпар иісті,
Кеудеме демде басылып.
Ауаның кәусар тынысы,
Қанымда бүрлеп, тасынып.
Ғарышқа ұштым ғаламат,
Мұхиттан астым лезде.
Борандай ұйтқып алапат,
Соғылып аспан-күмбезге.
Қара бұлт нөпір төктіріп,
Айызын жердің қандырып.
Найзағай болып көк тіліп,
Әлемге барлық жаңғырып.
Аққулар жүзер мамырлап,
Айдынды көл боп орнадым.
Қызылға түсер сорғалап,
Қырандай қанат қомдадым.
Бал менен шәрбат құм болып,
Татымды дәмді таттым кіл.
Он екі мүшем күл болып,
Құйылып үнсіз жаттым бір.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

3 / 5. Дауыс саны: 2

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған