Назым Дүтбаева

 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1996 – 2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде білім алған, 2000 – 2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.

Алғашқы жұмыс орны «Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі» газетінде тілші, одан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім редакторы, «Қазақстан» Телерадиокорпарациясында «Ел» шығармашылық бірлестігінде редактор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Журналистика және филология кафедрасында оқытушы, осы оқу орнының Медиаорталығында тілші, «Жетісу университеті» газетінің Бас редакторы, «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарды. Қазір «Ақиқат» журналында тілші.

«Ізгілік тамшысы» жинағының авторы, Мәдениет саласының үздігі. Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайшылығымен жарық көретін Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Назымның сұхбаты» айдарын жүргізіп, қазақ руханиятына еңбегі сіңген тұлғалармен мазмұнды сұхбаттар өткізді. Мәдениет, театр, әдебиет саласында көптеген мақалалар жазып, түрлі баспасөз беттерінде жариялаған.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған