Алты жасар Алинұр – ақылды, өте зерек бала. Інісі бес жасар Арнұр болса, күні бойы анасының ұялы телефонымен ойнайды да отырады. Қолынан телефонды тартып алса, аңырап кеп жылайды. Інісінің үйді басына көтере жылағанын естіген ағасы:
– Арнұртай, ұялы телефонды адамдар бір-бірімен жылдам хабар алысу үшін ғана шығарған екен. Бұның пайдасынан гөрі зияны көп, – деді.
– Зиян болса, сен неге ұстайсың? – деді қарап тұрмай.
– Менің телефонымда ойын жоқ. Тек мектепте, сыртта жүргенде анама хабарласу үшін ғана қолданамын. Бізге мұғалім «Адамға денсаулық қымбат» деп айтқан, сондықтан көзімді, денсаулығымды құртқым келмейді, – деді.
– Ендеше мен де көзімді құртпайын, – деді Арнұр бұртиып.