Елордада Жетісулық ақын, жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасеннің жаңа кітабының таныстырылымы өтіп, тұсауы кесілді. «Бақыт гүлі» атты жыр жинағы Түрік тілінде жарық көріпті. Оған ақынның таңдаулы өлеңдері енген. Астанада жетісулық ақын Гүлбақыт Қасеннің жаңа кітабы жарық көрді
Гүлбақыт Қасен
БІЛІМ ҚУҒАН ОЗА МА? Гүлбақыт Қасен
Доп ойнаған тоза ма?
Білім қуған оза ма?
Дос іздеймін ең жақсы
Кітап қолын соза ма?
ЖАҢА ЖЫЛ КЕЛДІ. Гүлбақыт Қасен
— Жаңа жыл келді!
— Қоян ба?
— Жатырсың неге оянбай?
Тұра ғой қәне, ерінбе,
Далаға шықшы ойланбай.
СЫЙЛЫҚ. Гүлбақыт Қасен
Атам маған сыйлыққа,
Қамшы берді бес өрім,
Тұлпар мініп күні ертең,
Батыр болып өсемін.
КӨБЕЛЕК. Гүлбақыт Қасен
Ақ гүлдерге ақ көбелек,
Көк гүлдерге көк көбелек,
Ұқсайды ғой бақшадағы,
Ұшып жүрген көп көбелек.
МЕНІҢ САРЫ БАЛАПАНЫМ. Гүлбақыт Қасен
Тек ойынға қызығады,
Ерке, тентек, бұзық әрі,
Менің сары балапаным.
КІТАП ӘЛЕМІ. Гүлбақыт Қасен
Барлық әріп тізіліп,
Жақсы сөзді құрайды.
Зер саламын қызығып,
Маған кітап ұнайды.
Сезбеймін «сиқырын» ғаламның
Сезбеймін «сиқырын» ғаламның,
Тағдырым – ұшында қаламның.
Тұтқыны боп өтем Өлеңнің…
Жарымын Жыр атты қағанның.
Сүрінсем – сын
Қиындықтар –
тиесілі еншім бе?
Айтшы, Тағдыр, жігер-күшім кемшін бе?
Жамап-жасқап білдіртпеймін жоғымды,
Сенім артам еңбек атты елшіме.
Мен тұратын жердің аты – Сағыныш
Мен тұратын жердің аты – Сағыныш,
Сен тұратын елдің аты – Махаббат.
Мені өсірген жердің аты – Мейірім,
Сені өсірген елдің аты – Шапағат.
Құсқанаты
Аспан сілкіп түсірген құсқанатын,
Құсқанаты соңынан қыс қалатын.
Айналса ғой ұлпа қар ғайып болмай,
Әшекейге әдемі қыз тағатын.
Қоңырөлең
Жанарымда – бүтін ғалам, жүрегімде – жарты әлем,
Өлеңіммен егіз – өмір, сөзбен биік мәртебем.
Өлеңшөбі құмарлыққа сүңгітеді шайырды:
табиғатта да толғатады...
қара тас та мәрт ерен.