Бұл бекетке пойыз небәрі бес минут аялдайды. Бес минутта түсетіндер түсіп, мінетіндер мініп үлгеру керек. Сондықтан отарба солығын баспастан жележортып кеткенше кіреберіс есікте кептеліс болады. Түсетін оншақты адам мен мінетін оншақты адам қуықтай дәлізде төс қағыстырып, бөксе соғыстырып қалатыны бар.…
Есболат Айдабосын
Тұлпар серті (хикаят)
«Ұрлық түбі – қорлық» (Халық даналығы) 1. Сөз басы Қозыбасының көк желкесінен шығып, өз сүрлеуімен өрлеген көктемнің күні Қоңыртөбе тауына жеткенде мезгілсіз жортқан қарақшы бұлттардың қоршауына түсіп, малтығып қалды. Тоң қатқан даланың маңдайы жіпсіп, бусана бастаған еді. Мезетте суық шалып,…
Аманат (әңгіме)
Бұл шығарма қазақтың қайраткер ұлы Болатхан Тайжанның рухына арналады! Құланиектеніп таң атқаннан бесінге дейін құлқынның қамымен көкті кезетін кәрі құзғынның денесі бүгін дел-сал. Шау тартқанның белгісі болар, тәбеті қайта бастапты. Бұрындары тоқты-торымның өлексесін қылғытқанда өзгелерге дес бермейтін өңеші…
Қара қарға (әңгіме)
Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлер өмірде болған. Шынар апа қайтыс болды. Тұп тура 99 жыл, 9 ай өмір сүріпті. Күллі ауыл күңіренді. Бірақ ешкім «жүзге келді-ау жарықтық, арты той ғой»- демеді. *** Қаралы хабар ауылға қою қараңғылықпен қолтықтаса кірген. Көшенің сыртынан…
Күй ұран (бір күйдің тарихы)
Бұл шығарма қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналады. Түн түңлігі түрілді. Ұлы дала ұйқыдан оянды.Таң намазын оқи сала, атқа қонған Байсерке Қордайдан асып түскенде Қопа мен Қозыбасының аралығынан күн сығалады. Шапағына ат кекілін аймалатып қарсы жүрді. Жолай отырған…
Менің атам (эссе)
Қазақ пен қырғыз тең жайлаған Алатауды бөктерлеп, батқан күнді қуалай жүрсеңіз көрген де боларсыз, Алматыдан 60-70 шақырым ұзаған соң cол қапталдан созылып бір тау шығады. Оқырадан қашып, отар қойдың ішіне кіріп кеткен өгіздей болып тапал таулардың арасында өзгеше көрінеді өзі.…
Қызыл сақа (қаз-қалпында)
«Көксерек» фильмі… Ауыл қараборбайларының асық ойнайтын эпизоды… Құйтақандай Құрмаштан ұтылып қалған Ұзынтұра «қараулық жасадың»,– деп бөлтірікті тартып алды. Ойын соңы жанжалға ұласты… – «Ашық», «ашық» деп тілі жаңадан шығып келе жатқан ұлым асау тайдай тулап кетті. Атамнан қалған аткөрпенің (атаңның…
Сырттанның итаяғы (әңгіме)
Тараз қаласынан шыға берістегі жанармай бекетінің маңы қойшы қорасындай абыр-сабыр. Ірілі-ұсақты автокөліктер енесіне ұмтылған қозыдай жамырап келіп жатыр, жарысып кетіп жатыр. Біз мінген автобус та бензин құдығына өзгелермен таласа-тармаса, өңешін созып, өңмеңдеп жетті. Қос бүйірдегі қарыншасы толғанша ұзақ сімірді. Атқа…
Тау ұлы (әңгіме)
Темір шошып оянды. Қаратерге малшынып жатыр екен. Қозғалайын деп еді бөкседен төмен жан жоқ. Ұмтылып барып аяғын сипады. Орнында екеніне көзі жеткендей «а жасаған ием»,– деп күбірлеп жастығына қайта бас қойды. Кірпігімен күрескенмен көзі ілінбей-ақ қойды. Таңға жуық қалғып кеткен…
Тибет аруы (эссе)
Қоңыр салқын күз болатын. Далада терек басын тербетерлік жел жоқ, төңірекке перде тұтып қойғандай тымырық. Мұндай күндері Бейжің аспанын бұлт торлайды. Сіргелі бұзаудай бір-бір медициналық маска таққан жұрт, көшеде көбірек жүрсе көк түтінге уланып қалардай, жапа-тармағай жер астына түсіп жатыр.…
Ұлыма (хикаят)
Қоңыртөбенің ұшар басына шоқиып отырған күйі түнгі аспанмен тілдескендей ұзақ ұлыды. Сай-сүйекті сырқыратар дауыс сай қуалап, жартас соғып біраз жүрді де Арасанның қалың қорысына сіңіп барып дамылдады. Текшелі мен Шетендінің де жыра-жықпылы бір жаңғырып басылды. Тұяқтының жүрегін суылдатып, қанаттының…
Тас көмірдің шоғы (тарихи-деректі әңгіме)
«Қытай жерінде, Шынжаң өңірінде Қожеке Назарұлыдеген әйгілі күйші өткен. Қазақстанның шығыс өңіріндегікүйшілік мектептің өкілі ретінде Қожекенің дарын тегеурініҚұрманғазы, Тәттімбет сияқты ұлы күйшілермен өрелес.»(Ақселеу Сейдімбек) Қамшы басарІленің таудан құлар тұсын қоныс қылған Рабат төренің ауылында бүгін таң атпастан қарбалас. Есік пен…