Бұл көңіл – найзағайдай жарқылдауық,
Бұл көңіл – кетпейтұғын əркімге ауып.
Жалт қарап жасын қыздың жанарына,
Жан – жүрек өртке айналып барады да.
Осылай тағдыр гүлін сыйлай ма екен?
Осылай бақыт беріп қинай ма екен ?
Ол бақыт – шаттық емес айқындайтын,
Ол бақыт – еш пендеге айтылмайтын.
Байланып қызыл жұлдыз кірпігіне,
Айналып кетеді екен күн түніңе.
Бұл көңіл –найзағайдай жарқылдауық,
Бұл көңіл – кетпейтұғын əркімге ауып.
Толқыншаш қалар деуші ем мəңгі есімде,
Толқынды кетеді екен толқын жауып…
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
0 / 5. Дауыс саны: 0