Шетелден шырт киінген шенеунік емес, сауалнамамен санаңды сүлікше соратын сарапшылар тобы келетіні өте ауыр тиді. Қызғалдақтай құлпырған Қазақстанның кем-кетігін тізіп, әлемдік рейтингте құздан тас лақтырғандай құлдилатып жіберсе, шаруамыз бітті дей беріңіз. Отыз жылда зорға есейген сұлу бикешке қисық айна сыйлағандай…
