Саян сырттан кірген атасына мойын бұрды. Атасы қолтығына кітап қыстырып алыпты.Дүкеннен тәтті әкеп берер деп ойлап еді, түк жоқ. – Ата, – деді сосын наразы үнмен. – Кітаптарды қайдан алдыңыз? – Қайдан алушы едім… кітапханадан алдым. Саған да, өзіме де…
