Тибет аруы (эссе) 0 (0)

Қоңыр салқын күз болатын. Далада терек басын тербетерлік жел жоқ, төңірекке перде тұтып қойғандай тымырық. Мұндай күндері Бейжің аспанын бұлт торлайды. Сіргелі бұзаудай бір-бір медициналық маска таққан жұрт, көшеде көбірек жүрсе көк түтінге уланып қалардай, жапа-тармағай жер астына түсіп жатыр.…

Ұлыма (хикаят) 5 (1)

                                              Қоңыртөбенің ұшар басына шоқиып отырған күйі түнгі аспанмен тілдескендей ұзақ ұлыды. Сай-сүйекті сырқыратар дауыс сай қуалап, жартас соғып біраз жүрді де Арасанның қалың қорысына сіңіп барып дамылдады. Текшелі мен Шетендінің де жыра-жықпылы бір жаңғырып басылды. Тұяқтының жүрегін суылдатып, қанаттының…

Тас көмірдің шоғы (тарихи-деректі әңгіме) 0 (0)

«Қытай жерінде, Шынжаң өңірінде Қожеке Назарұлыдеген әйгілі күйші өткен. Қазақстанның шығыс өңіріндегікүйшілік мектептің өкілі ретінде Қожекенің дарын тегеурініҚұрманғазы, Тәттімбет сияқты ұлы күйшілермен өрелес.»(Ақселеу Сейдімбек) Қамшы басарІленің таудан құлар тұсын қоныс қылған Рабат төренің ауылында бүгін таң атпастан қарбалас. Есік пен…

Ит тірлік (әңгіме) 5 (1)

Қорадағы иттер сүйекке таласып қырықпышақ болды, жотадағы биттер жөңкіліп жорыққа шықты. Ызғыт бірінің шуылдаған дауысын естіп, екіншісінің қыбырлаған жүрісін сезіп жатыр. Басын көтерместен ызалана ырылдады. Оның ырылы тұла бойын мекендеген «тұрғындардың» жыбырын тоқтатқан жоқ. Керісінше, өршелене түскендей, жан-жақтан жапа тармағай…

Жабық есіктер 2 (2)

Пошташы Әрсен құлқын сәріден оянып, таңғы шәйін асыға ішіп жұмысына аттанады. Поштадан кезекті газеттерді алып, жазылушы тұрғындарға, қызметкерлерге тарата жөнеледі. Бұл жұмысты бастағанына да көп болған жоқ. Бірер жыл ғана. «Бүгінде газетті кім оқиды», «газет кімге керек, терезе сүрткенге, үй…

«Өмір» галереясы (әңгіме) 5 (1)

Шын өмірге аттанбас бұрын маған «Өмір» атты галереяны тамашалау нәсіп болды. Бұл галереяға қалай, не себепті келгенімді анық білмеймін. Тіпті, ойламаппын да… Онсызда осы бір «Өмір» галереясының қыр-сырын түсінген жан кем де кем шығар. Уақыт өте келе мен осы бір…

Қынқ етпеңіз, бізде бәрі жақсы (сатира) 0 (0)

Шетелден шырт киінген шенеунік емес, сауалнамамен санаңды сүлікше соратын сарапшылар тобы келетіні өте ауыр тиді. Қызғалдақтай құлпырған Қазақстанның кем-кетігін тізіп, әлемдік рейтингте құздан тас лақтырғандай құлдилатып жіберсе, шаруамыз бітті дей беріңіз. Отыз жылда зорға  есейген сұлу бикешке қисық айна сыйлағандай…