Шыңымен ешкім таласа алмайтын,
Арман бар екен аласармайтын.
Жылу бар екен гүлді аша алмайтын,
Сұлу бар екен сырласа алмайтын.
ӘДЕБИЕТ
Құлазыған бақтардан гүл тергізген
Құлазыған бақтардан гүл тергізген,
Ең жылауық əуенге күлкі енгізген.
Ең қараңғы түндерде жолықтырған,
«Альциона» есімді үркер қызбен.
Бұл көңіл
Бұл көңіл – найзағайдай жарқылдауық,
Бұл көңіл – кетпейтұғын əркімге ауып.
Жалт қарап жасын қыздың жанарына,
Жан - жүрек өртке айналып барады да.
Арман аялдамасы
Автобуспен келе жатып ой толғап,
Терең шомып кеткен екем ішінде.
«Арман бар ма?» - Деді шопыр айқайлап,
«Бар» дедім де жалғыз тұрдым түсуге.
Тамшы
Бір тамшы барады әйнектен тайғанап,
Тайғанақ тірлікті аймалап.
Әйнекке тамады тағы да бір қонақ,
Бір қонақ барады сырғанап!
Аспан қызы
Аспандағы ауылдың қызы,
Күліп жүргейсің жердің бетінде!
Жердің бетіне келдің бе түнде?
Пенденің киіп терісін.
“Адал бұқа” Эрнест Хемингуэй
Ілгеріде Фердинанд деген бұқа болды. Ол хош иісті гүлдерге қарап та қоймайтын. Тек мүйіздесуге құмар болатын. Ол өзімен қарайлас немесе кез-келген жастағы барлық бұқамен мүйіздесетін. Оған тең келер жан жоқ еді. Оның екі мүйізі тастай қатты, қанжардай өткір болатын. Оның…
“Ілияс” Лев Толстой
Уфа губерниясында Ілияс деген башқұрт өмір сүреді. Ілиястың әкесі бай емес еді. Ілиясты үйлендірген соң бір жылдан кейін қайтыс болады. Сол кезде Ілиястың қолында 7 бие, 2 сиыр, 20 қой қалады. Ілияс шаруа болатын, әйелі екеуі күн демей, түн демей…
Соңғы намаз
Пештің желкесінде тұрған құманды құлағынан ұстады да кебісін сүйретіп тысқа шықты. Дала мақпал түннің құшағында маулығады. Жұлдыздар қара отқа жусаған қойдай қара аспанда жайылып жатыр. Ай жарықтық аяңдап барады, қой түгендеп жүрген қойшы секілді құдды… Қора жақта сиыр ыңыранып, жылқы…
Балаларға
Біздің үйдің төрінде,
Бар үкілі домбыра,
Қазағымның болмысы,
Қасиетті ол – мұра.
Күйі бөлек қобыздың,
Табиғатпен үндескен.
Күй атасы кемеңгер
Қорқыт бабам тілдескен.