Өткен жылғы сағатымды

Өткен жылғы сағатымды,
Тақпаймын да, теңшемеймін.
Тауысқан соң тағатымды,
Уақытты енді өлшемеймін.

Төзімді де жоғалттым бар,
Сезімсіздер ұғар нені?
Шаттығынан жомарт жылдар,
Қалтырмайтын шығар мені.

Келер күндер сыбағасын,
Ұсынар деп екшеледім.
Мына дәуір, мына ғасыр,
Бақ сыйлайды, бек сенемін.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

5 / 5. Дауыс саны: 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған