Ауыр ой

Көз алдымда көлбеңдейді бір елес,
Бір-бірімен қасарысқан кіл егес.
Түнім – тұман, күнім – бұлтты жабырқау,
«Гүл» деп жүрген «Гүлім» менің гүл емес,
«Күн» деп жүрген «Күнім» менің күн емес.

Ауыр сөздер ой-санамды кезді кеп,
Ауыр ойлар жан-дүниемді езгілеп.
Ауыр сезім ол кіршіксіз Махаббат,
Ал, махаббат менен алыс безді кеп,
(Безінгенін бұл жүрегім сезді кеп).

Ауыр сұрақ бір-еу емес мыңы бар,
Қуаныштың жасырынған мұңы бар.
Ауыр мінез құбылмайды көктемдей,
Тағдырымнан ала алмаған құны бар,
Тағдырымда ұсталмаған ұры бар.

Ауыр сұрақ,
Ауыр мінез,
Ауыр ой,
Жалықтырды мезі қылып жауыр ой…

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған