Мен – көкжалмын

Мен – көкжалмын көкке қарап ұлыйтын,
Ит өмірде «қаншықтарға» қиын тым.
Қарсы тұрып, кайсарлықпен қасқайып,
Тайсалмай-ақ тығырықта торитын.

Көк Түріктің ұрпағымын, бөрімін,
Асу бермес асқар шыңдай төрімін.
Түз тағысы жортып жүрер даланың,
Өжет мінез, өжер рухтың өрімін.

Арыстанның айбаты да тең келмес,
Жолбарыстың қайраты да тең көрмес.
Мен көкжалмын, көкке қарап табынам,
Мүсәпір боп «итшілдікпен» күн көрмес.

Мен – қазақпын, қазақ боп туылған,
Нәр аламын қайсарлықтың буынан.
Заманымның аждаһасын көрсемде,
Өлмей келдім небір күшті уыңнан.

Мен – қазақпын, тектілікті танытқан,
Даналықпен дара мінез дарытқан.
Сақтан сарқыт, Ғұннан қалған жұрынмын,
Батырлықтын ақ уызына жарытқан.

Мен – қазақпын, көкжалмен бір жанымда,
Ар мен Намыс туа біткен қанымда.
Қазақ мәңгі жасай бермек әрқашан,
Көкірегінде көкжал намыс барында.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған