Қорадағы иттер сүйекке таласып қырықпышақ болды, жотадағы биттер жөңкіліп жорыққа шықты. Ызғыт бірінің шуылдаған дауысын естіп, екіншісінің қыбырлаған жүрісін сезіп жатыр. Басын көтерместен ызалана ырылдады. Оның ырылы тұла бойын мекендеген «тұрғындардың» жыбырын тоқтатқан жоқ. Керісінше, өршелене түскендей, жан-жақтан жапа тармағай…