ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Жұмабай Шаштайұлы – ҚР Президентінің стипендиаты, Халықарарық Жамбыл және «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған.
Ол «Коммунизм жолы», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан», «Жас Алаш» газеттерінде, «Жалын» журналында еңбек етті. Халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің және «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, сондай-ақ Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды.
Жазушының «Қызыл қар», «Жала мен нала», «Жыр жолбарыс», «Біздің заманның Аяз биі», «Жаңғырық» атты жинақтары мен романдары оқырманның жүрегінен орын тапты.
“Janr” Жетісу әдеби клуб мүшелері өз заманының қарымды қаламгері Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақындарына көңіл айтады.