Уақыт тоқтап қалғандай. Әйгерім Тұрлықожа

Уақыт тоқтап қалғандай,
Дала тыныш.
Мүлгіп кеткен сияқты төңірегім.
Тырп етпейді тіршілік, жаратылыс,
Ал, мен түнде сүретін Өмір едім…

Өмір едім…
Тасынған өзендерім,
Толқынымен тау-тасты еркелеткен.
Көшіп бара жатқандай кезеңдерім,
Оралмайтын тәрізді ерке көктем!

Жұлдыз біткен аспанның дулығасы,
Ай сыланып,
Құс үнін көктен іздер!
Мен ұйқыға кеткенде, Шулы ғасыр,
Оятуды ұмытып кетпеңіздер!

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған