Ұнап едің,
Бар құпиям болып ең мына менің.
Өзге ешкімге тіс жарып айта алмаймын,
Өлең ғана тәрізді куәгерім.
Сүйіп едім,
Сондықтан да сен заңғар биік едің.
Өз әлімше тәкәппар болсамдағы,
Махаббаттың алдында иілемін.
Ғашық едім,
Сондықтан сен өзгеше асыл едің.
Қатал әрі қатігез болсамдағы,
Сенің барлық қатеңді кешіремін.
Бағым едің,
Бар мұңымда сен едің тағы менің.
Махаббаттың дертімен ауырамын,
Келесіңбе дертімнің тауып емін.
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
0 / 5. Дауыс саны: 0