Шаймерденова Самал

Шаймерденова Самал Зікірияқызы Қарадалада дүниеге келіп, сол мекенде мектеп бітірді.  Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің филолгия факультетінің түлегі. Республикалық, Халықаралық газет-журналдарға еңбектері көптеп жарияланды.

Самал, біраз үзілістен соң әдебиетке қарқынмен оралды.  2021 жылы  “Іңкәр сезім” атты прозалық-поэзиялық кітабы жарық көрді.  2023 жылы “Махаббат жырлары” поэзиялық топтамамен кітабы шықты.

2023 жылы “Жетісу көктемі” Республикалық прозашылар конкурсының бас жүлдегері атанды. Осы жылдың жазында детектив жазушысы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы қарсаңында жарияланған республикалық детектив жазушыларының конурсында 1-орынды жеңіп алды. 

2022 жылы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығы қарсаңында жарияланған қалалық эссе байқауының 1-орын иегері;

2023 жылы жарияланған “Арманымдығы Қазақстан” қалалық эссешілер конкурсында 1-орын иегері. “Жанр” әдеби клубының мүшесі, ақын, жазушы.

Кітаптары

“Іңкәр сезім” поэзиялық-прозалық шығармалар.

”Махаббат туралы жырлар” жинақ

Жетістіктері:

Республикалық «Жетісу көктемі” прозашылар конкурсының бас жүлдегері

Республикалық Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы қарсаңында жарияланған детектив жанры жазушылары конкурсының 1-орын иегері

 Ыбырай Алтынсарин  атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған проза конкурсының жеңімпазы.

Ұстаздар арасындағы қалалық әдеби конкурстары:

“Шерхан Мұртаза” қалалық эссесінің 1-орын иегері.

“Арманымдағы Қазақстан” қалалық эссе конкурсы, 1-орын

“Әз-Наурыз” қалалық эссе конкурсы, 1-орын

“Сәкен Сейфуллин” қалалық эссе конкурсы, 2-орын

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

4.5 / 5. Дауыс саны: 2

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған