Айналамды басқандай қараңғылық,
Еш пенде жоқ қарайтын маған күліп.
Жаратқандай көзіме көрінеді,
Тіршіліктің барлығын сараң қылып.
Салтанат Құмархан
Ғұмыр кейде. Салтанат Құмарханұлы
Шаранамнан шайқап алып арымды,
Бұл жалғанға қоя берді табыстап.
Шақтар кейде сыйласаңда барыңды,
Сорың келіп басып алар жаныштап.