Сағыныш Намазшамова

Сағыныш Сабыржанқызы Намазшамова 1978 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданы, Қосағаш ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінің бакалаврын (1997 ж.), магистратурасын (1999 ж.) бітірген.

«Жыр маржаны» қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясына, сол сияқты қазақ ақындарының испан, әзербайжан, түрік тілдерінде жарық көрген антологияларына өлеңдері кірген. Қазақстандағы Гёте институтының бастамасымен қолға алынған Орта Азия елдері жас ақындарының неміс тіліндегі «Simurgh» жинағына өлеңдері енді.

Сонымен қатар Германияның «Haus fur Poesie» поэзия үйінің ұйымдастыруымен Һайделберг қаласындағы «Wunderhorn» баспасынан «VERSschmuggel. Поэзиялық диВЕРСия» атты кітап жарық көріп, оған 3 қазақ ақынының (Батырхан Сәрсенхан, Еділбек Дүйсен, Сағыныш Намазшамова) және 3 неміс ақыны (Karin Fellner, Ozan Zakariya KaskinkilicNorbert Hummelt) қазақ және неміс тілдеріне аударылған өлеңдері кірді.

Көркем аудармамен айналысады.

Балаларға арналған өлеңдер жазады.

2007 жылы «Бақыттың бағасы», 2009 жылы «Сағыныш», 2021 жылы «Менің мифім» атты жеке жыр жинақтары шықты.

Шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы (2007 жыл).

Балалар жылы аясында өткен балалар мен жасөспірімдер шығармаларының «Ер Төстік» республикалық әдеби байқауының жүлдегері (2022 жыл).

Мемлекеттік стипендия иегері (2015 ж.).

 «Әдебиет» аталымы бойынша «AssylTas» қоры стипендиясын иеленді (2022 жыл).

Қазақстан Жазушылар одағының, «Janr» әдеби клубының мүшесі.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінде бас инспектор болып жұмыс істейді.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

0 / 5. Дауыс саны: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған