Президент — Есболат Айдабосын

Есболат Айдабосын 1981 жылы 20 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданында, Ақтерек ауылында туған. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қытай Мұнай Газ Университетінде білім алған. «Шаhар» ТРК, «НТК» телеарнасы, Қазақстан ұлттық телеарнасы, «Жетісу» телеарнасында жұмыс істеді. Қазір «Жетісу» радиосының жетекшісі.  Қазақстан Жазушылар Одағы мен Халықаралық Қазақ-ПЕН клубы және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Janr әдеби клубының президенті. Бірнеше республикалық әдеби байқаудың жеңімпазы. «Алтын қалам», «Алтын тобылғы», «Алтын тұғыр» әдеби сыйлықтары мен Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты. «Сүлікқара», «Қызыл сақа», «Тибет аруы» кітаптарының авторы.

Шығармалары

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

5 / 5. Дауыс саны: 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған