Өз-өзімнен кеше қатты кейідім,
Тіршіліктер күйретті.
Мені сонда сіздегі бар мейірім,
Еркелеуге үйретті.
Ақылымды жоғалтамын жиі мен,
Бәлкім, ақыл болмаған.
Тағдырымның салмағына иілем,
Оңай емес ол маған…
Мені матап тұсағанда сан құрық,
Жібін сөгіп күдіктің.
Сіздегі оттың ұшқынына жан жылып,
Жүрегімді жібіттім.
Жұтағанда түгім қалмай сабырдан,
Мұңымды да тыңдарсыз.
Мен сөнуге шақ қалғанда табылған,
Енді менде сіз барсыз!
Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!
0 / 5. Дауыс саны: 0