МЕНІҢ САРЫ БАЛАПАНЫМ. Гүлбақыт Қасен

Тек ойынға қызығады,
Ерке, тентек, бұзық әрі,
Менің сары балапаным.

Қылығы әйбат, күлдіреді,
Бәрін шашып бүлдіреді,
Менің сары балапаным.

Шиқылдайды, ән салады,
Күліп таңды қарсы алады,
Менің сары балапаным.

Томпаң қағып жүгіреді,
Әлі-ақ өсіп үлгіреді,
Менің сары балапаным.

Бағалау үшін жұлдызшаны басыңыз!

1 / 5. Дауыс саны: 1

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған